Алматы облысында лауазымды қызметкер мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы облысының Мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің мәліметінше, лауазымды қызметкер бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалауымен пайдаланды және жымқырды деген күдікке ілінген.
"30 сәуірде мемлекеттік орган басшысы Іле аудандық тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводан.
Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директоры пара берді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020330-almaty-oblysy-lauazymdy-qyzmetker-memleket-qarazatyn-zymqyrdy-degen-kudikpen-ustaldy/