Астаналық азамат отбасындағы жанжал үшін 10 тәулікке қамауға алынды
Жарияланған күні:
Астаналық ер адам отбасындағы жанжал үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.
Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, "102" арнасына елорданың 38 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен.
Жәбірленушінің айтуынша, 39 жастағы күйеуі үйіне алкогольдік масаң күйде келіп, жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, бұл отбасындағы алғашқы жанжал емес.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберген.
Сот шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.
Осы орайда Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, "102" нөмірі арқылы дереу полицияға немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесіне хабарласуға (сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 ) шақырады.
Онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020347-astanalyq-azamat-otbasyndagy-zanzal-usin-10-taulikke-qamauga-alyndy/