Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында сот шешімімен сомасы 1 млрд доллар болатын келісімшарт жарамсыз деп танылды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облыстық ауданаралық экономикалық соты 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жасалған медициналық бұйымдарды жеткізу келісімшартын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сотта Талғар ауданының 32 жастағы тұрғыны басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктесітікке қатысты іс қаралған.

2020-2021 жылдары аталған тұрғын бас директоры өзінің туысы болып келетін компанияға медициналық бахила, комбинезон, маска, халат және басқа да медициналық бұйымдарды жеткізу туралы шешімге келеді. Барлық тауар бойынша келісімшарт сомасы 1 млрд 125 млн теңгені құраған.

Алайда Талғар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы бұл келісімшарттардың негізділігіне күмән келтірген. Салық органдары бұл операциялар "салық міндеттемелерін барынша азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында" жасалған деп есептейді.

"Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы екі серіктестік арасында жасалған келісімшарт жалған және негізсіз деп санайды. Өйткені тәуекелді салық төлеушілерге жүргізілген талдау негізінде ЖШС қызметінде электрондық шот-фактураларды жалған жасау белгілері бар екені анықталды", - делінген Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хабарламасында.

Келісімшарттарды жарамсыз деп тану үшін салық органы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арызбен жүгінген.

"Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне жасалған талдау көрсеткендей, 2020 жылы кәсіпорын декларацияда 71 млн теңге, ал келесі жылы 1 млрд 866 млн теңге кіріс туралы көрсеткен. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмысшылар саны бір адам (еңбекақы қоры – 42 500 теңге), ал екінші жартыжылдықта – төрт адам (еңбекақы қоры – 25 000 теңге) болған.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығына – үш қызметкер (еңбекақы қоры – 33333 теңге) болған. Алайда сол жылдың екінші жартыжылдығындағы тағы бір декларацияда жұмысшылар саны алты адам (еңбекақы қоры – 4 млн 825 мың теңге), үшінші тоқсанда – алты адам (еңбекақы қоры – 4 млн 997 мың теңге), ал төртінші тоқсанға – бес қызметкер (еңбекақы қоры – 4 млн 259 мың теңге) деп көрсетілген.

1 млрд 924 млн теңге кіріспен 2021 жылға төленген салық 2 млн 680 мың теңгені құрайды. Салық жүктемесінің коэффициенті 0 пайыз", - дейді Талғар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері.

Іске қатысушы прокурор талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарған.

"Өзара есеп айырысудың шынайылығын ештеңе объективті түрде растаған жоқ. Компанияда тауарлық-материалдық қор жоқ - көлік пен негізгі құралдар, сақтау қоймасы, тиісті салықтарды төлеу, басқа елдерден импорттау анықталған жоқ. Компания тауар өндіруші емес.

Бұл жағдай материалдық ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, ЖШС операцияларды нақты жүзеге асыру мүмкін еместігін айғақтайды. Тиісінше, операциялар салықтық міндеттемелерді барынша азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында тек сыртқы көрініс үшін жасалған", - дейді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Іс материалдарын зерделеп, тараптардың пікірін тыңдаған судья Нури Омарбеков салық органының талабын қанағаттандырды, мәмілелер жарамсыз деп танылды.

"Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2020-2021 жылдарға арналған декларацияда көрсетілген тауар айналымына сәйкес келетін тауар көлемін өндірмеген және шығара алмаған. Кәсіпорын тауар жеткізуші болған емес", - делінген сот шешімінде.

Облыстық прокуратура іс бойынша жауапкер тарап апелляциялық сотқа шағым түсіргенін атап өтті.

Айта кетейік, әйелдің туыс әпкесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол бас директор болып жұмыс істеген компаниядан ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

"Бұл қылмыстық іс 1963 жылы туған азамат Б.-ға қатысты 189 баптың 4 бөлігі бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта тергеу аясында сот-экономикалық сараптама жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020653-almaty-oblysynda-sot-sesimimen-somasy-1-mlrd-dollar-bolatyn-kelisimsart-zaramsyz-dep-tanyldy/