Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Бұршақ
Бұршақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті дауылдық ескертуге байланысты Алматы тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, күн күркіреп, бұршақ жауып, желдің күшеюі күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 18-23 м/с болмақ. Сондай-ақ қатты жаңбыр туралы дауылды ескерту жариялаған.

Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмаған жөн дейді.

Сондай-ақ қатты жел көтерілген жағдайда мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

  • ғимараттардан көп шыға бермеу, қозғалысты мүмкіндігінше шектеу (мүмкіндігінше үйде болған жөн);
  • үйде болған жағдайда терезелер мен есіктерді қымтап жабу. Ауладан балкондар мен лоджияларды ашып, үйдің ішіне зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастау;
  • сыртта болған кезде ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысу.

ТЖД хабарлауынша, билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сондай-ақ үйлердің қабырғаларына жақын жерде тығылуға болмайды, өйткені төбелерден шифер және басқа да шатыр материалдары құлауы мүмкін.

Сонымен қатар қатты жел кезінде электр сымдарының астында тұру немесе үзілген электр сымдарына жақындау өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021062-almaty-qalasy-totense-zagdailar-departamenti-turgyndarga-undeu-zasady/