Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен Алматы айналма жолы қашан қолданысқа беріледі

Жарияланған күні:

Үлкен Алматы айналма жолы
Үлкен Алматы айналма жолы. Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл Бақтияр Үлкен Алматы айналма жолын (ҮААЖ) пайдалануға беру биылғы жылдың екінші тоқсанына жоспарланғанын айтты. Жолдың ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Оның екі жағында да 120 км/сағ жылдамдықпен жүруге болатын үш жолақ болады.

"ҮААЖ тас жолында ақы төлеудің ашық жүйесі қарастырылады, яғни жолға кіреберіс пен шығатын жерде шлагбаум болмайды. Бұл жолдың өткізу қабілеттілігінің жоғары болуын қамтамасыз етеді", - деді спикер.

Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, ҮААЖ қаладағы негізгі магистральдарды босатып, жол желісінің өткізу қабілетін арттыру арқылы көлік ағынын қысқартады. Бұл көлік кептелістерін азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады.

Сонымен қатар, ҮААЖ автомобиль жүргізушілеріне кептелістері аз балама бағыт ұсынады, бұл қала бойынша жүру уақытын қысқартады. Сондай-ақ жүк көліктері жүктерді жеткізу уақытын үнемдей алады және олардың жұмысының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ Алматыда атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшері азайып, қала мен оның төңірегіндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

"ҮААЖ Инвестициялар және Операциялар" ЖШС пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮААЖ құрылысында заманауи технологиялар мен асфальтбетон төсеу әдістері қолданылғанын атап өтті. Құрылыстың әртүрлі кезеңінде, соның ішінде материалдарды таңдау, жол негізін дайындау және асфальтбетонды төсеу кезінде сапаны бақылау жүргізілген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жабынның үстіңгі қабаты полимерлі модификацияланған битум қолданылған қиыршық тас-мастикалық асфальтбетоннан тұрады.

Еске салайық, ҮААЖ құрылысы 2018 жылы басталды, жобаның құны 180 млрд теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021725-ulken-almaty-ainalma-zoly-qasan-qoldanysqa-beriledi/