Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан даласында өсетін дәрілік өсімдіктер келер жылдан бастап ақылы болмақ

Жарияланған күні:

Дәрілік шөптер
Дәрілік шөптер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан даласында өсетін дәрілік өсімдіктер келер жылдан бастап ақылы болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, жаңа заң фармацевтика, азық-түлік және техникалық өнім өндіретін отандық кәсіпкерлерге ғана арналған. Салық мөлшері жиналатын шөптің түріне, көлемі мен құндылығына байланысты белгіленеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев айтты.

Ерлан Құтпанбаевтың айтуынша, жаңа ереже ауылшаруашылық мақсатында және жекеменшік учаскелерінде өсімдік өсіретін шаруаларға қатысты емес.

"Кедендік статистика деректері бойынша, мия тамырын өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Түркия және АҚШ болып табылады. Мысалы, Қытайға 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін 40 мың тоннадан астам мия тамыры экспортталған. Қараусыз қолданылуына байланысты дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді бақылаусыз жинау көлемінің өсуіне сыртқы нарықтардағы сұраныстың артуы ықпал етеді", - деді экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев.

Телеарна ақпаратынша, Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік шөп түрі өседі. Оның ішінде 14 сұрыпы экспортталады. Олардың қатарында мия, сасыр, цистанхе және басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021791-qazaqstan-dalasynda-osetin-darilik-osimdikter-keler-zyldan-bastap-aqyly-bolmaq/