Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда болған ірі өртке байланысты қала әкіміне сөгіс жарияланды

Жарияланған күні:

өрт сөндіру машинасы
Өрт сөндіру көлігінің белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда ірі өрттен зардап шеккендерге келтірілген шығынды заңнама аясында қысқа мерзімде өтеуге мүмкіндік беретін төтенше жағдай режимі енгізілді. 11 жеке тұрғын үйді шарпыған өртке байланысты Петропавл әкіміне сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы.

Басылымның хабарлауынша, СҚО әкімдігінде жиын өтіп, онда өрттің қауіпті кезеңінен өту мәселесі қаралған.

Сондай-ақ жиында Петропавлда болған ірі өрт туралы да айтылды. Әкімдіктің жиынында оқиғадан кейін Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаевқа сөгіс жарияланды.

"Қала әкімі жұмысты дұрыс ұйымдастырмады және қамысты дер кезінде шаппаған. Салғырттықтың кесірінен бүгінде тұрғындар баспанасыз қалды, дүние-мүлкінен, құжаттарынан айырылды. Осының бәріне тосқауыл қоюға болатын еді", - дейді өңір басшысы Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, қамыс пен қураған ағаштарды кесуге қаржы толығымен бөлінген.

Агенттік мәліметінше, ресми ақпаратқа сәйкес бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 67 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар қазір Петропавлда қамыс шабу маусымы басталған. Бұл жұмыс өте ауқымды болған соң кезең-кезеңімен жүргізіледі. Өйткені қалада қамыс алқаптары өте көп.

Агенттік дерегінше, ірі өрт шыққан алаңдағы қамыс жыл сайын өртенген. Биыл көктемнің өзінде қамыс алқабын үш рет өрт шарпыған.

Құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өндірістік аймақ пен тұрғын үй секторындағы қалың қамысты жою шараларын қолдану керектігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021818-petropavlda-bolgan-iri-ortke-bailanysty-qala-akimine-sogis-zariyalandy/