Шетелдіктерді 800 долларға жеткізген: Алматыда такси жүргізушісі қамауға алынды
Жарияланған күні:
Алматыда шетелдіктерді мазалап, оларға жабысқан таксист жауапқа тартылды. Оның ісі сотта қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орындарда жәбірлеу фактісі бойынша такси жүргізушісіне қатысты процесс аяқталды.
"Сот ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған М. 2023 жылғы 21 мамырда Алматы халықаралық әуежайының аумағында болып, қоғамдық тәртіпті бұза отырып, тасымалдау қызметін көрсету мақсатымен Үндістан азаматына жабысып, оны мазалаған", – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында такси жүргізушісі жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын растады, сонымен қатар ол кінәсін мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.
"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот әдептілік ережелерін елемеуді, жол беруге болмайтын айналасындағыларға құрметсіздік білдіру, азаматтарға арам пиғылмен жүгінуді куәландыратын құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын назарға алды", – деп атап өтті ведомство.
Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қайталап құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сот оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуды тағайындады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ деп қосты сот.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022522-seteldikterdi-800-dollarga-zetkizgen-almatyda-taksi-zurgizusisi-qamauga-alyndy/