Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрекеті заңсыз": Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастыратын 100 "TikTok" қолданушысы анықталды

Жарияланған күні:

Ер адам TikTok логотипін қарап отыр
ТikTok логотипі. Фото: Рexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары "TikTok" желісінде құмар ойындар заңсыз таратылып жатқанын айтып, ата-аналарға балаларына мұқият болуды ескертті. Желілік талдау нәтижесінде мамандар онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунтты анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

"Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Желілік талдау нәтижесінде мамандар онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтаған.

"Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқым келетіні – олардың әрекеттері заңсыз, Қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар", – дейді Қаржылық агенттік мамандары.

Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша оларға 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілген.

Сонымен қатар қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қарап жатқанын айтқан.

"Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз", – дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022588-areketi-zansyz-qazaqstanda-qumar-oiynyn-uiymdastyratyn-100-tiktok-qoldanusysy-anyqtaldy/