Арнольд Шварценеггер Қазақстан жайында айтылатын жаңа америкалық сериалға түсті (видео)
Жарияланған күні:
Арнольд Шварценеггер Қазақстан жайында айтылатын америкалық сериалға түскен. Сериалдың үзіндісі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Арнольд Шварценеггер түскен "Фубар" атты америкалық сериал 25 мамыр күні жарыққа шыққан, туынды экшен әрі комедия жанрында түсірілген. Бүгінде телехикаядан үзінді кадрлар Қазнетте қызу талқыланып жатыр.
Себебі телехикаяның алғашқы бөлімінде Қазақстан мен елорда туралы айтыла бастаған. Кадрлардың бірінде Қазақстанның төлқұжаты да көрсетілген. Сондай-ақ онда Қазақстанда шошқа етін жемейтіні туралы сөз болады.
"Қазақстандағы ең танымал "Жарқын күлкі" сағызының бағасы шарықтап кеткенін білесіз бе? Ал суперханымды ше? Егер білмесеңіз Шварценеггер мен Netflix сізге көрсетеді. Екінші бөлімінде Қазақстан туралы көп айтылады", - делінген желідегі видео сипаттамасында.
Telegram-да жарияланған сериалдың үзіндісіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда.
"Кеттім көруге", "Осы АҚШ-тың фильмдерде шынымен Қазақстанға байланысты көп жағдайлар түсіріліп жатыр", Қазақстанға жақсы жарнама жасапты", - деп жазған олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022613-arnold-svarcenegger-qazaqstan-zaiynda-aitylatyn-zana-amerikalyq-serialga-tusti-video/