Жарық пен жылу бағасы қанша пайызға өсуі мүмкін: Энергетика министрлігі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 1 маусымнан бастап еліміздегі электр және жылу энергиясы тарифтері қанша пайызға өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жандос Нұрмағанбетов монополистер тарапынан тарифтерді көтеру туралы көп өтініш түсіп жатқанын айтты.
Вице-министрдің сөзінше, олар бұл өтінішін жалақының көтерілуі және көмір мен газ бағасының өсуімен байланыстырып отырған көрінеді.
"Бұл - уақыт талабы, 1 маусымнан бастап тарифтер орташа есеппен 24 пайызға өседі. Қаншаға және қай өңірде тариф көтерілетіні туралы ақпаратты кейінірек береміз", - деді ол.
Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі тарифтер үкімет белгілеген инфляция деңгейіне байланысты, сондай-ақ құзырлы мемлекеттік органдар бекіткен энергетикалық нысандардың инвестициялық бағдарламаларына сай көтерілетінін айтқан болатын.
"Жылудың шығынды екенін ескерсек, тарифтер кем дегенде 25 пайызға көтеріледі деп ойлаймын. Ал максимум қаншаға көтерілетіні инвестиция көлеміне байланысты болады, оны да үкімет реттейді. Бірақ баға бірден өспейтінін де айта кеткен жөн" , - деп жауап берді ол.
Сонымен қатар министр электр энергиясының тарифтері инвестиция көлеміне тәуелді екенін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022687-zaryq-pen-zylu-bagasy-qansa-paiyzga-osui-mumkin-energetika-ministrligi-zauap-berdi/