Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКҰ арқылы дүниеге келген бала болашақта табиғи жолмен дүниеге сәби әкеле ала ма

Жарияланған күні:

нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Қоғамда ЭКҰ арқылы дүниеге келген бала болашақта табиғи жолмен дүниеге сәби әкеле алмайды деген жаңсақ пікір бар. Алайда 26 жыл бұрын жасанды ұрықтандыру жолымен анасының құрсағына біткен ару табиғи жолмен нәрестелі болғанын "Алматы" арнасына айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арна мәліметінше, Қазақстандағы әрбір алтыншы жұп бедеулікке шалдыққан. Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде 21 мыңнан астам адам бала сүю бақытын сезіне алмайды.

Арна мәліметінше, қоғам арасында ЭКҰ арқылы туған балалардың ұрпағы болмайды деген де жаңсақ пікір бар. Осы орайда 26 жыл бұрын жасанды ұрықтандыру жолымен анасының құрсағына біткен Алеся Ли өз баласын табиғи жолмен дүниеге әкелгенін айтып берді.

"Анам мені ЭКҰ арқылы дүниеге әкелді. Қазақстанда жасанды ұрықтандыру бойынша дүниеге келгендердің алғашқысының бірімін. Көпшіліктің ойынша, мен сияқты балалар дүниеге табиғи жолмен сәби әкеле алмайды-мыс. Бірақ мен 2019 жылы қарапайым аналар секілді жүкті болып, баламды құшағыма алдым",– дейді қала тұрғыны Алеся Ли.

Арна мәліметінше, әлемнің бірқатар елінде жастарды некеге тұрар алдында толық денсаулық тексеруінен өтуге заң жүзінде міндеттейді. Отау құрғысы келетіндер дәрігерге қаралып, қандай да бір сырқатының бар-жоғын анықтайтын анализдер тапсыруы тиіс. Дәрігерлер айтуынша, мұндай шешім бедеуліктің алдын алуға үлкен мүмкіндік береді.

"Негізі адамда он мыңға жуық моногендік ауру бар. Оны біз біле бермейміз. Жиі кездесетіндері солардың 300-ге жуығы. Оны анықтау үшін қан тапсырады. Үш аптаның ішінде генетикалық лаборатория тұжырым береді", – деді биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023196-eku-arqyly-duniege-kelgen-bala-bolasaqta-tabigi-zolmen-duniege-sabi-akele-ala-ma/