Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық, шаңды дауыл: сенбіде ел аумағында ауа арайы қандай болады

Жарияланған күні:

ыстықтан басына су құйып тұрған ер адам
Аптап ыстық күн. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 3 маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Сенбіге арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидрромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ бүгінде республика бойынша желдің күшеюі сақталып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қатты ыстық, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде. 

Бұдан бөлек мамандар Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Абай, Қостанай облыстарында, Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Түркістан облысында өрт шығу қаупі жайлы ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023226-qatty-ystyq-sandy-dauyl-senbide-el-aumagynda-aua-araiy-qandai-bolady/