Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМГ: "Өзенмұнайгаздың" қаржы-шаруашылық қызметінде 160 заң бұзушылық анықталды

Жарияланған күні:

Мұнай кен орны
Мұнай кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазмұнайгаздың" Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобы жүргізіп жатқан тексеріс кезінде "Өзенмұнайгаздың" қаржы-шаруашылық қызметінде 160 заң бұзушылықты анықтаған. Бұл туралы ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Компанияның мәліметінше, ҚМГ ("Қазмұнайгаз" - ред.) Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобы тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың (ӨМГ) 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен басқа да 30 мердігер ұйымның қызметі талданған.

Компания "Өзенмұнайгаздың" қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталғанын атап өтті. Оның ішінде:

  • 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілген;
  • 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
  • 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылады.

Сондай-ақ ҚМГ құқық бұзушылық фактілерінің салдарынан келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталатынын айта кетті.

"Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің "Өзенмұнайгаз" бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр", — дейді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023248-qmg-ozenmunaigazdyn-qarzy-saruasylyq-qyzmetinde-160-zan-buzusylyq-anyqtaldy/