Алматы облысында белгісіз біреу қызды ұрлап, басқа бір ауылға апарған
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы облысында қызды ұрлап, басқа ауылға алып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Болған жайтқа қатысты өңірлік прокуратура пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Желідегі жазбада ауыл тұрғындарының жантүршігерлік оқиғаның куәсі болғаны айтылған. Қолында алкаголі бар бейтаныс ер адам өзін және қызын Алматы облысындағы ауылдардың біріне жеткізіп тастауды өтінген.
"Қыздан жанындағы ер адам кім деп сұраған сәтте ол жылады. Мектеп оқушысы өнер мектебіне бару үшін үйінен шыққанын, бір мезетте бейтаныс адам оны ұрлап, таксимен белгісіз бағытта алып кеткенін айтты", - делінген жазбада.
Ер адам өзін Руслан деп таныстырып, камераға түсіре бастаған сәтте қашып кеткен.
Алматы облысының прокуратурасының хабарлауынша, бейтаныс адам 4 маусым күні сағат таңғы 10 шамасында кәмелетке толмаған қызды Жамбыл ауданындағы ауылдан алып, Қарасай ауданындағы ауылға әкелген.
"Қыз бала өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Ол бұл туралы Қарасай ауданы ПБ хабар берген. Келіп түскен қоңыраудан кейін сағат 11:20 шамасында 1987 жылы туған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта іс аумағы бойынша Жамбыл АІБД берілді", - деді прокуратурдан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023473-almaty-oblysynda-belgisiz-bireu-qyzdy-urlap-basqa-bir-auylga-apargan/