Қарағанды облысында полицей пара алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында пара алды деген күдікпен Киров полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.
"3 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Киров ПБ бастығының орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыратын болады", - деді полициядан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023484-qaragandy-oblysynda-policei-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/