Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы қыз іздестірілуде (фото)
Жарияланған күні:
Жетісу облысының полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.
Полицияның мәліметінше, оқушы қыз 4 маусым күні Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, қайта оралмаған.
Үйден шыққанда оның үстінде қара жемпір, қара джинсы аяғында ақ кроссовка болған.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
Облыстық полиция кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері немесе оған қатысты қандай да бір мәлімет болса +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023548-zetisu-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-15-zastagy-qyz-izdestirilude-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.