Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы мен Алматыдағы Hilton қонақ үйінің айналасындағы қауесеттерді сейілтті

Жарияланған күні:

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істе жаңа дерек жарияланды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: inbusiness.kz

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматыдағы Hilton қонақ үйін Қайрат Сатыбалдыұлының иемдену әрекеттері туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзінің ресми Telegram-арнасында осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады.

Ведомство Сатыбалдыұлының қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқандығын еске салған.

Дегенмен, оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа да эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда екені айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданатынын айтқан.

"Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі", – делінген хабарламада.

Ведомство олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйі де кіретінін айтқан.

Қазіргі уақытта аталған объектіні мемлекет меншігіне қайтару ісі аяқталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023652-antikor-qairat-satybaldyuly-men-almatydagy-hilton-qonaq-uiinin-ainalasyndagy-qauesetterdi-seiiltti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif