Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәмпит алып беріп, бетімнен сүйді": Алматы облысында 8 жасар қызды ұрлау ісі бойынша жаңа дерек шықты

Жарияланған күні:

Жылап отырған қыз
Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Қарғалы ауылында оқушы қызды ұрлау бойынша атышулы істің жай-жапсары белгілі болды. Қыз күдіктінің өзіне не істегенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 8 жасар оқушы қыз күдіктінің құшақтап, такси ішінде ерсі әрекетке барғанын анасына айтып беріпті.

Оқушы қыздың айтуынша, күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, алаңдаулы қыздың көңілін де аулай бастаған.

"Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым", - дейді қыз.

Телеарна дерегінше, өнер мектебіне бара жатқан жеткіншекті жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызып алған. Қонақ үйге барып кіре алмағаннан кейін, күдікті оқушы қызбен "Жібек жолы" ауылына барған. Ол жерден такси ұстамақ болып, есіктің алдында автокөлік тұрған бірінші үйге кірген. Желіде тараған видеоны осы үйдің тұрғыны, куәгер Күләш Теңелбаева түсіріп алған.

"Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды", – деді куәгер Күләш Теңелбаева.

Анасының айтуынша, үнемі қызын әкесі жетектеп жолға шығарып салады екен, ал кейін такси әкетіп, мектебіне жеткізіп жүрген.

"Таңертең сағат 9.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын", – дейді қыздың анасы.

Телеарна хабарлауынша, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөліміне тіркелген.

"Жедел іздестіру барысында 1987 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Заңнамаға белгіленген тәртіппен ұсталған адам қамауға алынды", - деді ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Полиция департаменті күдікті қазір адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқаны хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023681-kampit-alyp-berip-betimnen-suidi-almaty-oblysynda-8-zasar-qyzdy-urlau-isi-boiynsa-zana-derekter-syqty/