Ақтөбелік азамат Қаржы министрлігінен 1 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе тұрғыны тергеу кезінде бірнеше ай қамауда ұстағаны үшін Қаржы министрлігінен 1 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алуды талап етті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе қаласының сотында жергілікті тұрғынның Қаржы министрлігіне қатысты моральдық және мүліктік залалды өтеу туралы азаматтық талап арызы қаралғаны хабарланды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының шағым дәлелі бойынша П. есімді азамат электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы алдын ала келісіммен топта болған. Сондай-ақ ауқымды көлемде психотроптық заттарды өткізу мақсатында оларды заңсыз иеленіп, сақтаған деген айыптау фактісі негіз болып отыр.
ҚАЖК-нің қаулысымен прокурордың айыптаудан бас тартуы негізінде оның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген қалалық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Соттың мәліметінше, ақтөбелік азамат өзіне тағылған айып алынып тасталғаннан кейін өтемақы алу үшін сотқа жүгінген.
"Сот П. есімді азаматтың пайдасына 300 000 теңге моральдық залал, 600 000 теңге мүліктік залал, ал өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша сот шығындары үшін 150 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды", - делінген сот қаулысында.
Қалалық сот бұл шешімнің әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023698-aqtobelik-azamat-qarzy-ministrliginen-1-mln-tengeden-astam-qarazat-ondirip-aldy/