Қаржы министрі Назарбаевтың кеңсесі жұмысын тоқтататынын хабарлады
Жарияланған күні:
Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліс кулуарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдалатынын, оның кеңсесіндегі қызметкерлердің жартысы басқа ұйымдарға ауысатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазір кеңсені қайта құрылымдау процесі жүріп жатыр. Кейбір адамдар басқа ұйымдарға ауысады, кейбіреулері қысқартылады. Мұндай кеңсе болмайды. Ол қайта құрылымдау сатысында", – деді Қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев.
Ол бұл мәселе алдағы 1-1,5 айдың ішінде шешілетінін айтты.
Министр мәселе Тұңғыш президент кітапханасын қайта құрылымдауға да қатысты екенін атап өтті.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қызметтен кеткеннен кейін Ақорданың орнына аталған кітапхана оның кеңсесіне айналған болатын.
Жамаубаевтың айтуынша, тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін осы құрылымдарға жұмсалған шамамен 2-3 миллиард теңге үнемделетін болады. Алайда министр бұл бюджет қаражаты қайда бағытталатынын айтпады.
Еске салсақ, бұған дейін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова "ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы" заңның күші жойылғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевты қандай заң қорғайтынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023814-qarzy-ministri-nazarbaevtyn-kensesi-zumysyn-toqtatatynyn-xabarlady/