"Жел күшейіп, жаңбыр жауады": бүгін Астанада күн салқындайды деп күтілуде
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер бүгін, 9 маусымда еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Бүгінгі ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, Алматыда бүгін күн ыстық болады. Ауа райы жауын-шашынсыз, алайда көшпелі бұлтты болуы мүмкін. Күндіз термометр бағаны +35…+37 градусты көрсетсе, түнде +21...+23 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Синоптиктер жұмада Астанада жаңбыр жауады деп болжады. Кеше күндіз ауа температурасы +32 градусты көрсеткенімен, бүгін елордада ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасы +16...+18 градус болады деп болжанған. Елордада жел 9-14 м/с күшейеді деп күтілуде, десе де кей уақытта жел екпіні 19-22 м/с жетеді.
9 маусымда Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Қалада әлі де ыстық сақталады. Күндіз мегаполисте ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін жетсе, түнде +20...+22 грусқа төмендейді. Қала тұрғындарына жел 8-13 м/с күшейіп, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с күшейетіні ескертілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024022-zel-kuseiip-zanbyr-zauady-bugin-astanada-kun-salqyndaidy-dep-kutilude/