Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana әуе компаниясына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Air Astana ұшақтары
Air Astana ұшақтары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы 9 маусым күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтында хабарлады.

"Сұраныс жоғарылау кезінде әуе билеттерінің бағасы (жазғы демалыс кезеңі) көтеріліп жатқанына халық наразылығын білдіруде. Сондықтан Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасымен бірлесіп, Air Astana әуе компаниясының қызметіне тексеріс жүргізді", - деп хабарлады ведомстводан.

Ведомствоның хабарлауынша, нәтижесінде Air Astana әуе арқылы тасымалдау нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталған. Компания әрбір билет бағасынан жанар-жағармайдың төлемін негізсіз өндіріп алған.

"2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды", - деп толықтырды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін шілдеде Air Astana әуе компаниясына 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, кейін тамыз айының басында дәл осы сомаға тағы бір мәрте айыппұл салынған болатын.

Бұл шаралар Air Astana және FlyArystan әуе компаниясындағы рейстерінің кешігуі фактілері бойынша тексеру жүргізілгеннен кейін қабылданды.

Сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегінде Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін тағы да айыппұл салынған болатын. Сол кездегі рейс қосымша жолаушыларды күтіп тұрғандықтан 27 сағаттан астам уақытқа кешіктірілген.

Азаматтық авиация комитетінде рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүйде тұру ұсынылмағанын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024095-air-astana-aue-kompaniyasyna-7-mlrd-tengege-zuyq-aiyppul-salyndy/