Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

Жарияланған күні:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: instagram.com/saparbayev_bm

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 

1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдары Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист, ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Президент аппараты бөлімі мен министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысының әкімі болған.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

Ол 2020 жылдың 10 ақпанынан 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Жамбыл облысының әкімі болып қызмет етті.

2022 жылы "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024192-berdibek-saparbaev-omirden-otti/