"Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін": Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қазасына көңіл айтты
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Тұңғыш президенттің ресми сайтында хабарланды.
Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
"Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстардың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға.
Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді", – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Еске сала кетсек, Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Ол Қазақстанның бес облысын - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарын басқарды.
Одан бөлек, премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2022 жылы "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024222-xalyqtyn-mun-muqtazyn-teren-biletin-nazarbaev-berdibek-saparbaevtyn-qazasyna-konil-aitty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.