Қазақстан тарихында қанша рет жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған
Жарияланған күні:
Читать на русском12 маусым күні Абай облысындағы орман өртінен қаза болған марқұмдарды аза тұту күні жарияланды. Елімізде жалпыұлттық аза тұту қанша рет жарияланғанын "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарға ұсынады.
Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда алғаш рет жалпыұлттық аза тұту күні 2006 жылы жарияланған: сол жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылысы болып, өрт шыққан. Салдарынан 41 кенші қаза тапты.
2008 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Абай қаласында да шахтада жарылыс болған. 2010 жылы 11 наурызда ең жойқын су тасқынының бірі – Қызылағаштағы бөгет жарылып, тілшілердің мәліметінше, 45 адам, оның ішінде 11 бала қаза тапты.
2012 жылы Қазақстанда бірден екі қайғылы оқиға орын алған – "Арқанкерген" бекетінде 14 шекарашы мен аңшы өлтірілген, ал Шымкентте Ан-72 ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 27 шекарашы болған.
2013 жылдың 31 қаңтарында Алматы облысында Қызылту ауылының маңында болған ұшақ апатына байланысты елде қаралы күн жарияланды. Қайтыс болғандардың арасында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғаны туралы хабарланған.
2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде қылмыстық топ екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған. 9 маусым күні қаралы күн деп жарияланды.
2019 жылдың желтоқсан айында BekAir әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан кейін келесі күні Қазақстан бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
2020 жылы 13 шілде күні коронавирус індеті кезінде қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін тулар түсірілген болатын.
2021 жылғы 29 тамызда Жамбыл облысында оқ-дәрілердің жарылысынан қаза тапқандарға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар қаңтар оқиғасының құрбандарын аза тұтып, еске алды.
Бүгін Қазақстанда Абай облысындағы өрт сөндіру кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Телеарнаның ақпаратынша, бұл Тәуелсіздік тарихындағы 12-жалпыұлттық аза тұту күні.
Қайғылы оқиға салдарынан "Семей орманы" орман қорығының 14 қызметкері қаза тапты.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай орын алған жерге келді. Ол штаб отырысын өткізген болатын. Ол көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтып, олардан кешірім сұрады. Кейін бас прокуратура облыстағы өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.
Өрт кезінде қаза тапқандар төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін көз жұмғаннан кейін ордендермен марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстанда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қайырымдылық акциясы жарияланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024351-qazaqstan-tarixynda-qansa-ret-zalpyulttyq-aza-tutu-kuni-zariyalangan/