Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ жаңа басшысы Абай облысындағы орман өрті қалай сөндіріліп жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Абай облысындағы өртті сөндіру
Өрт сөндіруші өрт сөндіруде. Фото: Т.me/qr_tjm

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында.

Министр Абай облысындағы өрт жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды және бақылауға алынған.

"Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті", - деді министр.

Ведомствода орманда шыққан өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінен 1500 жуық адам, 300 астам техника жұмылдырылғаны туралы еске салынды.

Сондай-ақ өрт ошақтарына су төгу үшін су ағызу құрылғылары бар 12 тікұшақ, өрт аумағын аэровизуалды тексеруді жүзеге асыру үшін 2 тікұшақ тартылды. Өрт шыққаннан бері көлемі 3000 тоннадан астам су ағызылды.

Ұшу кезінде министр шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жойып, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыруда нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

Сонымен қатар министрліктің хабарлауынша, жұмылдырылған күштер мен құралдардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуы тоқтатылды. Қазір жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 гектарды құрайды, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024407-tzm-zana-bassysy-abai-oblysyndagy-orman-orti-qalai-sondirilip-zatqanyn-aitty/