Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өрт сөндіруші Қазақстан халқына үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Елдос Нұртазаев
Елдос Нұртазаев. Фото: Instagram/@ekko_92

Абай облысында өрт сөндірушінің әлеуметтік желіде құтқарушыларға кедергі жасамай, керісінше, қолдау көрсетуді сұраған видеосы жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елдос Нұртазаев өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Ол Instagram парақшасында қазақстандықтарды құтқарушыларға қолдау көрсетуге шақырған видео үндеу жариялады.

"Кешеден бері осы өртпен жүрміз өртпен алысып. Мына жақта кейбір ағаларымыз келіп алады да: "Немене істеп тұрсыздар?", "Неге жұмыс істемейсіздер?" деп желкемізде тұрып алады. Сіздер жұмыс істеп жатқандарға (құтқарушылар - ред.) білесіздер ме қалай жүйкеге тиетінін? Сол үшін бір қазақ елі болып, керісінше, бірге көмектесіп, жақсы жағынан қарап, ниетіміз түзу болса екен. Неге сіздер олай желкеде тұрып алып, жұмысқа кедергі боласыздар?" – деді өрт сөндіруші.

Нұртазаев қазақстандықтарды осындай қиын жағдайда бірігіп, бір-біріне қолдау көрсетуге және құтқарушылардың жұмысына кедергі жасамауға шақырды.

"Техника неге (орман ішіне - ред. ескерт.) кірмейді? Әрі қарай техника қалай кіреді екен? Жеңіл көлік емес бұл кіріп-шығу оңай болатындай. Үлкен көлік. Егер шыға алмай қалса ол жерден (орманнан - ред.) адамдар шыға алмай қалуы мүмкін. Ал бізге ең маңыздысы адам өмірі", - деп түсіндірді өрт сөндіруші.

Нұртазаевтың айтуынша, ол осы хабарламаны халыққа жеткізу мақсатында видео түсіруге мәжбүр болды.

"Айтады ғой: "бірлік бар жерде тірлік бар" деп. Күшіміз бірлікте болсын! Жақсы ниетте қарайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын! Сіздерді дұрыс түсінді деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін құтқарушы.

Бірнеше күннен бері Абай облысында орман өрті өршіп тұр. Төтенше жағдай салдарынан 14 "Семей орманы" резерватының қызметкері қаза тапқан. Осыған байланысты бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен Абай облысына келіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездесті, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, құтқарушылармен және еріктілермен кездесті. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сай өртке байланысты бас прокуратураның қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

Сондай-ақ көз жұмған орман шаруашылығы қызметкерлері ерліктері мен жанқиярлығы үшін ордендермен марапатталған. Абай облысында зардап шеккендерге қаржылай көмек ұйымдастырылып, Алматыда гуманитарлық көмек қабылдау пункті іске қосылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Абай ауданында өрт сөндіру жұмыстары оңтүстік, батыс және шығыс бағытында жалғасуда. Өртті сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024408-abai-oblysynda-ort-sondirusi-qazaqstan-xalqyna-undeu-zasady-video/