Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ірі өрт: тергеу органдары өрт қою нұсқасын да тексеріп жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сіріңке
Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

Құзырлы органдар Абай облысындағы алапат өрттің шығу себебі ретінде қасақана өрт қойылуы мүмкін деген болжамды да тексеріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде өрт қойылуы мүмкін деген жерлерді көрсететін кадрлар тараған. Қала басшысы бұған қатысты мән-жайды түсіндірді.

"Видео авторы өрттің шығуына ықтимал себептері туралы айтып, өрт ошағы найзағайдан емес, қасақана өртеуден болған деген болжам жасайды", - делінген хабарламада.

Әкімдік видеоға түсірілген аумақтарда болжамды алаудан шыққан өрт көршілес ормандарға жайылғанын ескеру қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл мәселе бойынша жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары арқылы ықтимал өрт қоюшыны анықтап және ірі өрттің шығуына қасақана өрт қоюдың қатысы бар-жоғы тексерілуде", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Ведомство БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Абай облысындағы орман өрті

Еске салайық, 8 маусымнан бері Қазақстанның шығысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында орман өрті өршіп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт 60 мың гектардан астам орманды шарпыған.

Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты. Өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады. Сонымен қатар оларға жан-жақты көмек көрсетілетінін, зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Бас прокуртура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024416-abai-oblysyndagy-iri-ort-tergeu-organdary-ort-qoyu-nusqasyn-da-tekserip-zatyr/