Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Роза Барманова
Роза Барманова. Фото: blog-taldykorgan.bilimbolimi.kz

Қаратал өзенінің маңында Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылды. Ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қаратал өзенінің маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Бұл факті тіркеліп, қалалық полиция тиісті тексеру жүргізеді. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Роза Барманова 2016-2022 жылдар аралығында Талдықорған қаласының білім бөлімін басқарды. Кейін бұл қызметке Жандос Жолдыханов тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болған. Облыстық прокуратура бұл ақшаның іс жүзінде білім саласында жұмыс істемейтін тұлғаларға аударылғанын анықтаған еді.

Қадағалау органының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсан айында ғана қала мектептері арқылы 750 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.

Облыстық прокуратура мәліметінше, тінту кезінде қолма-қол ақша табылып, 700 млн теңгеден астам қаржы, 500 мың АҚШ доллары, сондай-ақ зергерлік бұйымдар тәркіленді. Іс бойынша айыпталушыларға тиесілі жылжымайтын мүліктері мен қымбат көліктерін пайдалануға тыйым салу тағайындалды.

Кейін Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісінің 1 млрд-қа жуық теңгемен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, оның басым бөлігі шетел валютасында болған. 48 жастағы әйел қомақты ақша алып қашпақ болған. Одан 14 пәтердің құжаты мен кілті, 7 коммерциялық үй-жай, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser көлігі және зергерлік бұйымдар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

Қомақты соманы жымқыру ісі бойынша Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы да ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024429-taldyqorgan-qalalyq-bilim-boliminin-buryngy-bassysynyn-maiiti-tabyldy/