Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше ауылдың тұрғыны Абай облысындағы алапат өрттің видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қаштақ ауылындағы өрт
Қаштақ ауылындағы өрт. Фото: t.me/semei24

Абай облысының тұрғындары әлеуметтік желіде өткен аптадан бері жалғасып жатқан орман өртінің жантүршігерлік кадрларын жариялады.

Semey_city_ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода қара түтін аспанды қалай толық жапқанын көруге болады. Видео сипаттамасында Қаштақ ауылының маңында түсірілгені туралы айтылған.

Ал Mysemey Instagram парақшасында Семей қаласының тұрғыны түсірген видео жарияланған. Видеода аймақтағы өрт тіпті қаладағы пәтер терезелерінен де көрініп тұрғаны жайлы айтылған.

Ал Semei24 Telegram арнасында жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары түсірген өрттің кадрлары жарияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт жағдайы туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті.

Абай облысының әкім орынбасары Дмитрий Гариков Талица, Половинки және Қаштақ ауылдарында өрт қаупі жоқ екенін айтты. Дегенмен, оның айтуынша, өртті толық тұрақтандыру туралы мәлімдеу әлі ерте.

Айта кетсек, 8 маусымнан бастап бірнеше күннен бері Абай облысында орман өрті өршіп тұр. Төтенше жағдай салдарынан 14 "Семей орманы" резерватының қызметкері қаза тапқан. Осыған байланысты бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

11 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына ұшып келген болатын.

Президент Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрап, оларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

Кейін мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізген. Отырыс кезінде Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.

Бас прокуратура Абай облысында 14 адамның өмірін қиған орман өрті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы Абай облысындағы ірі орман өртінің ғарыштан түсірілген суреттерін жариялаған.

Ал кеше Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 1 шілдеден бастап "Семей орманы" табиғи резерваты қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024508-birnese-auyldyn-turgyny-abai-oblysyndagy-qalyn-orttin-videosyn-zariyalady/