Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ірі өрттен екі адамның зардап шеккені хабарланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Абай облысындағы өрт сөндіу жұмыстары
Абай облысындағы орман өрті. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін министрлер кабинетінің отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ірі орман өртінен зардап шеккендер туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрттің материалдық шығын туралы келтірген мәліметінде өрт салдарынан 3 үй мен 2 техника жанып кеткенін айтты. Облыс әкімнің айтуынша, екі адам зардап шеккен.

"Көмірқышқыл газынан уланған орман шаруашылығының екі қызметкері емделіп жатыр. Тракторшы Қанафин Д.К. палатаға ауыстырылса, С.М.Баканасов үйіне жіберілді.

Жоғалған тракторшы С.Архиповты іздеу жұмыстары жалғасуда. Трактор табылды. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді өңір басшысы.

Абай облысындағы орман өрті

Еске салайық, 8 маусымнан бері Қазақстанның шығысындағы "Семей орманы" табиғи резерватында өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Соңғы мәліметтер бойынша, өрт аумағына 4000 тоннаға жуық су шашылып, 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты. Өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты кеше Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады. Сонымен қатар оларға жан-жақты көмек көрсетілетінін, зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Бас прокуртура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024530-abai-oblysyndagy-iri-ortten-eki-adamnyn-zardap-sekkeni-xabarlandy/