Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіле ме: Ішкі істер министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысындағы орман өртінің шығуына қатысты үш нұсқаны да тергеу қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Ахметжанов тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Іс арнайы прокурорлардың қарауына қабылданды. Бұл топта ІІМ қызметкерлері де бар, тергеу жүргіземіз. Мынадай нұсқалар бар: өрт қою, абайсыздық және найзағайдың соғуы. Сараптамалық тексерулер мен іздестіру шаралары жүргізіледі", - деді ол.

Ішкі істер министрінің айтуынша, тергеуге екі ай уақыт берілген.

Сондай-ақ журналистер "Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме" деп сұрады.

"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі - төтенше жағдай, адамдар қайтыс болды. Сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен дер кезінде шара қолданбады? Немқұрайлы қарап, қызметтік міндеттердің орындалмауы болуы да мүмкін", - деп жауап берді Марат Ахметжанов.

Абай облысындағы ірі орман өрті

Еске салайық, 8 маусымнан бері Қазақстанның шығысындағы "Семей орманы" резерватында әлі де өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт аумағына 4000 тоннаға жуық су шашылып, 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты. Өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты кеше Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады. Сонымен қатар оларға жан-жақты көмек көрсетілетінін, зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

Сондай-ақ Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды.

Бұдан бөлек, Бас прокуртура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024564-qyzmetinen-alyngan-buryngy-totense-zagdailar-ministri-ilinge-qatysty-tekseris-zurgizile-me/