Қазақстандағы Chery дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем ретінде 14 миллион теңге жіберді
Жарияланған күні:
«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер үшін «АҚ ЕРТIС» қоғамдық қорына 14 миллион теңге жіберді.
Қазақстандағы Chery директоры Нұрлан Шамғонов: «Абай облысындағы қасіретке байланысты қазақстандықтармен бірге аза тұтамыз, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккен отандастарымызға жіберілген қаражат осы ауыр сынақтан өту үшін демеу болады деп үміттенеміз».
Chery Automobile Со., LTD. компаниясының Қазақстан бойынша өңірлік директоры Ванг Вей мырза, өз кезегінде, Chery-дің бүкіл әлем бойынша көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсететінін және қоғамға бағытталған бастамаларға назар аударатынын айтты.
«Өрттен зардап шеккен барлық адамның қайғысына ортақпыз. Апатты тез арада жеңіп, қалыпқа келуге және Абай облысындағы қалыпты өмірді реттеуге тілектеспіз», – деді Ванг Вей.
Еске сала кетсек, өткен аптадан бастап өрт сөндіруші-құтқарушылар Абай облысында орман өртімен күресіп жатыр. Төтенше жағдай нәтижесінде 14 адам қаза тапты. Осы қасіретке байланысты 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Қаза болған орманшылар қайтыс болғаннан кейін батылдығы мен жанқиярлығы үшін ордендермен марапатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024617-qazaqstandagy-chery-distribyutory-abai-oblysyndagy-ortten-zardap-sekkenderge-zardem-retinde-14-million-tenge-ziberdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.