ТЖД өрт шығу қаупіне байланысты Алматы тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мегаполис тұрғындары мен қонақтарына өрт қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, оңтүстік астанада өрт шығу қаупіне байланысты дауылдық ескерту жарияланған. Яғни, 14-16 маусым аралығында Алматыда жоғары деңгейде өрт шығу қаупі сақталады.
Осыған байланысты құтқарушылар оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды аймаққа барған кезде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салды:
- от жақпау, мангал секілді басқа да тамақ пісіру құралдарын қолдану;
- темекі шекпеу, сөнбеген сіріңке, темекі тұқылын тастамау;
- бөтелкелерді, әйнек сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды күн сәулесі түсіп тұрған жалпақ алаңқайда қалдырмау және шөпті жақпау.
Еске сала кетсек, 8 маусымнан бері өрт сөндірушілер Абай облысындағы орман өртімен арпалысуда. Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.
Соңғы мәліметтер бойынша, тілсіз жау 60 мың гектардан астам орманды шарпыған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024625-totense-zagdailar-departamenti-almaty-turgyndaryna-ort-sygu-qaupin-bailanysty-undeu-zasady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.