Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдік әйелді итеріп құлатқан полицей жұмысынан босатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей итерген шетелдік азаматшаның құлаған сәті
Полицей итерген шетелдік азаматшаның құлаған сәті. Видеодан кадр: instagram.com/gazizaraimbek

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында бардың жанында шетелдік азаматшаны итеріп құлатқан полицейдің жұмыстан босатылғанын айтты.

Еске сала кетейік, маусым айының басында әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің шетелдік әйелді итеріп, құлатып жібергені бейнеленген видео таралған еді. Генерал Заппаров полицейдің жазаланғанын айтты.

"Жақында осы жағдайды - бар жанында болған оқиғаны әріптестерімізбен бірге талқыладық. Сәтпаев көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің желісі бар. Онда көлік жүргізушілері көлігін қоятын жер екі қатарға созылып кетіп жатады. Бұл өз кезегінде негізгі жолдың тарылуына алып келеді. Жол қозғалысы ережелері бұзылмас үшін біз сол жерге аптаның кей күндерінде жасақ қоямыз.

Сол күні ол жерде патрульдік көлік тұрған, таңға таяу шетелден келген азаматтар бардан шыққан. Олар көлікті көріп, қызығып кеткен болу керек, көліктің ішіне кіріп отырғысы келген. Тіпті бір азаматша көлікке мінген. Кейін одан көлік салонынан шығуды сұраған.

Ол шыққысы келмегендіктен, қызметкер рульге отырып, оны кезекшілік бөлімге апаруды ұйғарған. Осы кезде екінші әйел есікті тарта бастаған. Қызметкерлердің қарулы екенін ұмытпау керек. Ал мас күйдегі адамның мінез-құлқын болжау мүмкін емес. Қызметкер оны басқа жаққа ығыстырмақ болған көрінеді, бірақ ол құлап түскен", - дейді Арыстанғани Заппаров.

Полиция басшысының айтуынша, тәртіп бұзған қызметкер жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ Арыстанғалии Заппаров осы оқиға негізінде бүкіл жеке құрамды жинап, әр елдің заңы әр түрлі екенін полицейлерге түсіндіргенін, бұл оқиға өзі үшін сабақ болғанын атап өтті.

"Ол қызметкер органда ұзақ жұмыс істемеді, бірақ жұмысқа кірісе сала осылай жасап үлгерді. Полицей өз іс-әрекетімен сабырсыздық танытып, бұл өз кезегінде қоғамда наразылық тудырып, полиция қызметкерлері сынға қалды. Бұл жұмысты жақсы көріп істеу керек", - дейді генерал.

Арыстанғалии Заппаров бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі полиция қызметінің жаңа форматтағы моделіне көшіп жатқанын, жаңа модель азаматтармен арада тұрақты серіктестік құруға негізделгенін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024695-almatyda-seteldik-aieldi-iterip-qulatqan-policei-zumysynan-bosatyldy/