Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен марқұм тракторшы Абай облысындағы өрт құрбандарының қатарына кірмейді

Жарияланған күні:

Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары
Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары. Фото: gov.kz

Бүгін мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрттен кейін өлі табылған 15-ші адамның неліктен өрттен зардап шеккен құрбандардың қатарында жоқ екеніне жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өлімі жүрек жеткіліксіздігімен байланысты, сондықтан ол орман шаруашылығының 14 қызметкері сияқты (өрттен құрбан болғандардың – ред.) қатарында жоқ", – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Еске салайық, кеше Абай облысында өрт басталғаннан кейін жоғалып кеткен орман шаруашылығының тағы бір қызметкерінің денесі табылды – Сергей Архипов тракторшы болып жұмыс істеген.

Желіде 1987 жылы туған Сергей Николаевич Архиповтың Каштак ауылына "Семей орманы" Долон филиалынан өртті сөндіруге барғаны хабарланды. Ол соңғы рет 9 маусымда байланысқа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024744-nelikten-marqum-traktorsy-abai-oblysyndagy-ort-qurbandarynyn-qataryna-kirmeidi/