ҰҚК терроризм фактісі бойынша 30-дан астам адамның ұсталғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русском15 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жұмыстары туралы айтты.
Ведомствоның хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бүгінде Атырау облысының тұрғыны "Т"-ға қатысты терроризмді насихаттау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енді.
ҰҚК баспасөз қызметінде тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және қазақстандықтарға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденгені туралы айтылған.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты осыған ұқсас фактілер бойынша халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айырды.
"Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды.
Аталған адамдардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденді", - делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері террорға қарсы бөлімшелері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғыны және шетелдік ұсталған. Сот органдары аталған фактілер бойынша тағы 10 адамды әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024849-uqk-terrorizm-faktisi-boiynsa-30-dan-astam-adamnyn-ustalganyn-xabarlady/