Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефон алаяқтары жәбірленушінің сеніміне кірудің жаңа әдісін ойлап тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Смартфон ұстап отырған адам
Смартфон ұстап отырған адам. Фото: pixabay.com

Өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары адамның сеніміне кірудің жаңа әдісін ойлап тапты. Бүгінде мұндай алаяқтық түрі Ресейде жиі кездесуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телефон алаяқтығы – адамға қауіп туралы хабарлап, алаяқтық торына түсіруге тырысатын кең таралған алаяқтықтың түрі.

Мысалы, құқық бұзушылар жәбірленушінің атынан несие алуға өтініш берілгенін немесе шоттан ақшаны алу әрекеті жасалғанын айтуы мүмкін.

Өзін банк қызметкері деп таныстырған алаяқ құрбанынан банк картасының деректемелері мен келген SMS кодын айтуды немесе "тексеру" мақсатында несие алып, қорғалған шотқа ақша жіберуді сұрауы мүмкін. Ол клиенттен бұл ақпаратты алаяқтардан қорғау мақсатында сұратып отырғанына сендіруге тырысады.

Алайда бүгінде алаяқтар жәбірленушілерді қулығына сендірудің жаңа әдісін қолдана бастады.

Банк қызметкерінің құжаттары

Әдетте алаяқтар жәбірленушінің телефон нөміріне қоңырау шалады, бірақ соңғы уақытта мессенджерлерге көбірек қоңырау шала бастады – бұл жағдайда оларды анықтау қиынырақ.

Бұл ретте алаяқтар жәбірленушіге расымен банк қызметкері хабарласып тұрғанын дәлелдеу үшін оған мессенджер арқылы "банктің білікті қызметкерінің жеке басын растайтын анықтаманың" суретін жібереді.

Кейін ескі схема бойынша алаяқтық жүзеге асырылады: алаяқ жәбірленушінің шотына қауіп төніп тұрғанына сендіріп, қаражатты алып шығу үшін жәбірленушінің жеке деректерін сұратып алуға тырысады.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Алаяқтардан қорғанудың ең сенімді жолы құлақтандыру болып табылады – банк қызметкерлері ешқашан да клиентке өз бетінше қоңырау шалмайды және жеке шотқа байланысты ешбір қауіп туралы хабарламайды. Оның үстіне олар жедел мессенджерлерді пайдаланбайды.

Сондықтан белгісіз номерден қоңырау шалынған кезде қоңырауды тоқтатып, екінші деңгейлі банкке қоңырау шалу маңызды. Екінші деңгейлі банктердің телефон нөмірін ресми сайтынан табуға болады.

Сондай-ақ банктің мобильді қосымшасын пайдаланып, қолдау қызметіне хабарласуға мүмкіндік бар.

Өзге де алаяқтық схемалар қандай?

Азаматты өтірігіне сендіру үшін алаяқтар жасанды интеллектті де (ЖИ) белсенді түрде пайдаланады. ЖИ арқылы олар адамдардың дауысын жасанды түрде келтіреді немесе ЖИ көмегімен арнайы боттарды жасай алады.

Мысалы, ЖИ арқылы жасалған боттар адамның әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтеме арқылы оның жасырын интимдік фотоларын көрсетуге мүмкіндік береміз деп алдайды. Ал оларды көру үшін карта деректерін енгізіп, қызмет ақысын төлеуді талап етеді.

Нәтижесінде жәбірленушінің картасынан ақшасы шешіледі, ал жәбірленушіге ешқандай фотосурет жіберілмейді.

Сондай-ақ алаяқтар қазақстандықтарды онлайн жұмыс және интернеттегі қосымша табыс арқылы да қызықтырып, бос орындар бар деп алдауы мүмкін.

Сондықтан үнемі қырағы болып, "банк қызметкерінің жеке куәлігі" фотосуреттері жіберілсе де, бейтаныс адамдарға жеке банктік деректеріңізді (шот пен банк картасының нөмірлері, онлайн төлемге арналған CVV коды, парольдер мен SMS хабарлама кодтары және т.б.) бермеуіңіз керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024859-telefon-alayaqtary-zabirlenusinin-senimine-kirudin-zana-adisin-oilap-tapty/