Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы өрт қашан толықтай сөндірілуі мүмкін: ТЖМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өрт сөндіру жұмысы
Өрт сөндіру жұмысы. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін сенат отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өрт қашан толықтай сөндірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жақын арада, шамамен төрт-бес күнде толықтай сөндірілуі мүмкін", - дейді Ибрагим Күлшімбаев.

Айта кетейік, кеше, 14 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрт оқшауланғанын хабарлаған еді.

Министрлік өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су себу, сондай-ақ өрттің жиегіне топырақ себу жұмыстары жүзеге асырылатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, Абай облысындағы орман өрті 8 маусымда "Семей орманы" табиғи резерватына қарасты Батпаев орман шаруашылығының аумағында тұтанған болатын.

Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған. Кейін өрт күшейіп, басқа да учаскелерге ойысқан.

Осы уақытқа дейін өрт шамамен 60 мың гектар аумақты шарпыған. Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты.

Өрттен адамдардың көз жұмуына байланысты Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024915-abai-oblysyndagy-ort-qasan-tolyqtai-sondirlui-mumkin-tzm-okili-zauap-berdi/