Абай облысында өрттен қаза тапқан 14 қызметкердің және тракторшы Архиповтың отбасына пәтер берілді
Жарияланған күні:
Бүгін Абай облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан 14 қызметкердің сондай-ақ қайтыс болған тракторшы Сергей Архиповтың жанұясына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі ресми сайтында хабарлады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, марқұмдардың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілті табысталған.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев марқұм Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілтін тапсырған.
"Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз", – дейді Нұрлан Ұранхаев.
Облыс басшысының сөзінше, жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған.
Сондай-ақ облыс әкімдігі әр отбасыға 7 млн теңгеден, сондай-ақ әр балаға қосымша 2 млн теңгеден берілетінін атап өтті.
Сонымен қатар несиелерді кешіруді қарастыру үшін қайтыс болғандар мен олардың отбасының басындағы несие жүктемесіне талдау жасалуда.
Әкімдіктің ақпаратынша өрт салдарынан қаза болған марқұмдардың отбасына көрсетілетін көмекке асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024944-abai-oblysynda-ortten-qaza-tapqan-14-qyzmetkerdin-zane-traktorsy-arxipovtyn-otbasyna-pater-berildi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.