Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Экология министрлігі Абай облысындағы өрт орнынан ағаштарды әкетіп жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті. Фото: t.me/qr_tjm

Желіде Абай облысындағы өртенген аумақтардан адамдардың ағаш таси бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Экология министрлігінің өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында жауап берді.

Желідегі түрлі аккаунттар мен парақшаларда "Семей орманы" резерватынан ағаштарды кесіп әкетіп жатқаны туралы фотолар мен видеолар тарады. Олардың кейбірі Instagram-дағы "Оса Семей" қауымдастығында да жарияланды.

Желіде тараған видео кадрынан бірнеше ер адамның діңі күйіп кеткен ағашты қалай кесіп жатқанын байқауға болады. Видеоның өзіңде "Семей орманында" белгісіз біреулердің сау ағаштарды кесуге кіріскені жайлы жазылған.

Дегенмен, паблик авторлары видео сипаттамасында кадрлардың Семейде түсірілмегенін жазған.

Сондай-ақ қауымдастықта авторы белгісіз видеодан скриншоттар да жарияланды. Онда жүк көлігі артына кесілген бөренелерді тиеп алған.

Бұл мәліметтерге қатысты Экология министрлігінің өкілдері пікір білдірді.

"Семей орманы" МОТР ақпаратына сәйкес, орман өрті шарпыған аумақтардан ағаштарды дайындап, оны әкету бойынша БАҚ-та тараған видео шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері "Семей орманы" резерватында өртті сөндіруден басқа ағаш кесу және оны тасу секілді барлық жұмыс тоқтатылғанын атап өтті.

Ескерту! Жазбада бейәдеп сөз бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024973-ekologiya-ministrligi-abai-oblysyndagy-ort-ornynan-agastardy-aketip-zatqany-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif