Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзінде: Ату жазасын берсе де келісемін, бірақ қаржы ұрлады дегенге емес

Жарияланған күні:

Читать на русском
Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Елордада Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін экс-министр соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соттағы соңғы сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы заңды бұзбағанын және кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.

Экс-министрдің айтуынша, сөзінің шынайы екеніне бірнеше айға созылған іс бойынша сот отырыстары кезінде прокурорлар ұрлық жасалғанын дәлелдейтін бірде-бір фактіні келтіре алмағаны дәлел бола алады, бұны куәгерлер де растаған.

Сондай-ақ экс-министр өзіне қатысты істі "Алтын адам көрмесінің ісі" деп атап, Қазақстанның имиджіне нұқсан келтірмеуді сұрады. Өйткені, бұл артефакт елдің символы болып саналады және сотқа байланысты жағымсыз сипатқа ие болып отыр.

"Құрметті судья, 4 адамның ғана емес, "Алтын адамның" тағдыры сіздің қолыңызда. Жеке аудиторлық компанияның қате қорытындысы үшін неге Қазақстанның беделі саналатын Алтын адамның абыройына нұқсан келуі керек? Ешқандай ұрлық, сөз байласу болған жоқ.

Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін, бірақ ұрлады (қаржы -ред.) дегенге емес. Қазақта жақсы мақал бар, "Өлімнен ұят күшті" деген. Мен 60 жасыма дейі өмірдің қызығын да, шыжығын да көрдім, бірақ лайықты өмір сүрдім.

Біз 2 ай бойы барлық фактіні мұқият зерттедік. Айыптау актісінде бірде-бір ұрлық немесе сөз байласу фактісін келтіре алмаған, тек өз тұжырымынан өздері бас тартқан аудиторлардың кейбір актілері ғана бар", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ бұрынғы министр сотта Үндістанда расымен де Алтын адам көрмесі өткенін тағы да баса айтты.

"Үнді тарапы тіпті, мәселенің неде екеніне таңғалуда. Көрме өтті. Бірақ ол кезең коронавирус кезі болғандықтан 30 күннің орнына, 3 күн өтті. Бұл локдаун енгізілуімен байланысты болған еді, сол кезде біз дұрыс әрекет жасадық. Алтын адамды уақытында Үндістанға қалдырмай қайтарып алдық", - деп қосты экс-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025058-muxamediulynyn-sottagy-songy-sozinde-atu-zazasyn-berse-de-kelisemin-biraq-qarzy-urlady-degenge-emes/