Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кемпірқосақ
Кемпірқосақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сіркіреп, бұршақ жаууы мүмкін және найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

"18 маусымда батыста, 18-19 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, оңтүстікте - шаңды дауыл болжанады.

Тек республиканың қиыр шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.

Күндізгі температура төмендейді деп күтілуде:

  • батыста +20... +28 градус;
  • солтүстік-батыста +13... +26 градус;
  • солтүстікте +17... +27 градус;
  • солтүстік-шығыста, шығыста және орталықта +30... +37 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде.

Бұл ретте оңтүстік өңірлерде температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, маусымда республиканың басым бөлігінде ыстық болады – ауаның орташа температурасы нормадан тыс 1-2 градусқа жоғары, ал солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа температурасы нормаға жақын болады.

Айта кетейік, мынадай көрсеткіштер норма болып табылады:

Қазақстанның басым бөлігінде – +18... +23 градус;

оңтүстік-батысының жартысында – +24... +28 градус;

оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда – +7... +17 градус күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025118-demalys-kunderi-qazaqstanda-zanbyr-bursaq-zauuy-mumkin/