Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Kaspi филиалында болған кепілге алу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Астанадағы Kaspi Bank филиалында адамдарды кепілге алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 18 маусым күні Kaspi Bank АҚ елордалық филиалында кепілге алынған жеті адам босатылды.

"14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр).

Ол Достық 12 көшесінде орналасқан Kaspi Bank АҚ бөлімшесін басып алған.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, Бас прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі органдар келді. Жапсарлас тұрған барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылған, ал қылмыскер зиянсыздандырылып, тергеу изоляторына қамалған.

Прокуратурада операция барысында кепілге алынған адамдардың ешқайсысы зардап шекпегенін мәлімдеді.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261 бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен "Адамды кепілге алу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазды Астана қаласының прокуратурасында.

Астана қаласының прокуратурасында қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025304-astanadagy-kaspi-bank-filialynda-adamdardy-kepilge-alu-faktisi-boiynsa-qylmystyq-is-qozgaldy/