Павлодарда қолына пышақ ұстаған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодарда қолында пышақ ұстаған ер адам көпқабатты үйдің ауласында серуендеп жүрген. Жергілікті тұрғындар ер адамнан қорқып, желіге видео жариялаған. Жағдайға облыстық полиция департаментінің өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Instagram желісінде жарияланған видеода Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі аулада ер адамның қолына пышақ ұстап тұрғанын көруге болады.
"Назарбаев 287 (көшесі - ред. түсіндірмесі) бойынша белгісіз тұрғын қолына пышақ алып жүгіріп жүр. Жақын жерде балаларға арналған ойын алаңы бар. Көршілермен үнемі жанжалдасып жүретіні туралы талай рет полицияға шағымданған едік, бірақ шара қолданылмайды. Әңгімелеседі де, қояды! Барлық көрші қорқады", - дейді павлодарлықтар.
Тұрғындар қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, ер адамды мәжбүрлеп емделуге жіберуді талап етті.
Оқиғаға Павлодар облысының полиция департаменті назар аударды.
"1986 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Сондай-ақ оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Енді әкімшілік іс сотта қаралатын болады.
Назар аударыңыз! Бейнетаспада бейәдеп сөздер айтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025394-pavlodarda-qolyna-pysaq-ustagan-er-adam-turgyndardyn-ureiin-usyrdy-video/