Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Қазақстанда 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Бұл жолы мерекелік демалыс төрт күнге созылады, бірақ сенбі күндердің бірін қазақстандықтар жұмыста өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл Астана күні 6 шілде, бейсенбіге сәйкес келіп тұр.

"Электрондық үкімет" порталында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Осылайша, сенбі, 1 шілде жұмыс күні болса, одан кейін ел тұрғындары төрт күн қатарынан – 6-9 шілде аралығында демалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025401-astana-kuni-qazaqstandyqtar-qalai-demalady/