Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғары лауазымды тұлғалармен кездестіру үшін 200 мың доллар алды деген күдікпен Тараз тұрғыны ұсталды

Жарияланған күні:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті қорғау аясында Тараз қаласының тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын иемденген.

Сонымен қатар күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен", – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдікті ақшаны алғаннан кейін ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп қосты ведомстводан.

Сондай-ақ агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025441-antikor-zogary-lauazymdy-tulgalarymen-kezdestiru-usin-200-myn-dollar-aldy-degen-kudikpen-taraz-turgynyn-ustady/