Елорда іргесіндегі өрт: әкімдік астаналықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Астана әкімдігі тұрғындарға қала іргесіндегі өртке байланысты үндеу жасады. Өрттің ауқымы мен желдің салдарынан Астананы қою түтін басты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына апаратын айналма жолдың арасында қураған шөптің жануына байланысты қалада түтін байқалып, өрттің иісі сезілуде.
Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды себепсіз көшеге шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізуде.
Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына апаратын айналма жолдың арасында қураған шөптің жанып жатқанын хабарлаған едік. Өрт сөндірушілер таңнан бері өртті сөндіруде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025447-ortke-bailanysty-akimdik-astanalyqtarga-undeu-zasady/