Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 44 жастағы әйел егіз балаларын сатты деген күдікке ілінді (видео)

Жарияланған күні:

Жаңа туған сәбидің аяқтары
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылорда облысында 44 жастағы әйел егіз балаларын сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды. Қызылорда облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.

Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025478-qyzylorda-oblysynda-44-zastagy-aiel-egiz-balalaryn-satty-degen-kudikke-ilindi-video/